Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

App Storе-дан VK және "Mail.ru поштасы" қосымшалары жойылды

VK App Store-дан бірнеше қосымшаның жоғалып кеткенін растады. Соған қарамастан, бұған дейін орнатылған қосымшалар жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды kazlenta.kz VK компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі, 26 қыркүйек күні кейбір қосымшалар, соның ішінде VK Play, VK Музыка, Mail․ru поштасы App Store-дан іздеу кезінде көрсетілмей қалған. "Компаниямыздың бірнеше қосымшасын Apple бұғаттап тастағанын растаймыз. Қазіргі уақытта олар App Store-да қолжетімсіз.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Apple компаниясына жүгіндік", – делінген VK компаниясының хабарламасында. Дегенмен смартфондарда бұрын орнатылған VK қосымшалары өзгеріссіз жұмыс істеп тұр. Еске сала кетсек, 24 қыркүйек күні 72 пайыз акциясы Сбербанкке тиесілі 2GIS қосымшасы да App Store-дан жоғалып кеткен еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады