Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Фото: ЖИ/ Kazlenta.kz

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты Kazlenta.kz интернет-ресурсында сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері, шарттары және тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Kazlenta.kz  желілік басылымының меншік иесі болып табылатын  «SKIDKAZ» ЖК Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметтерді жариялайды.

«SKIDKAZ» ЖК шарт негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған тіркелген саяси партияларға Kazlenta.kz желілік басылымында (бұдан әрі – Сайт) интернет-алаң ұсынады.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңі 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Сайтта сайлау алдындағы үгіт материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген үгіт жүргізу кезеңінде ғана орналастырылады.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарламада белгіленген тарифтерге және тараптар арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру үшін саяси партияның жазбаша өтініші және «SKIDKAZ»  ЖК  мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негіз болып табылады.

Жазбаша өтініште үгіт материалының түрі, көлемі, жоспарланған жариялау күні мен уақыты, сондай-ақ шартты орындауға қажетті өзге де мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. шарт жасасу құқығын растайтын құжаттар.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе тарту арқылы анықталады.

Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын дайын күйінде Сайтқа ұсынылуға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау алдындағы үгітті қамтитын барлық жарияланымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыру көзі туралы міндетті мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады.

Саяси партиялар ұсынылған үгіт материалдарының мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін жауапты болады.

Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық немесе рулық араздықты қоздыруға шақырулар, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуға тыйым салынған өзге де ақпарат болмауға тиіс.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда «SKIDKAZ» ЖК тиісті үгіт материалын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың міндетті шешімдері қабылданған жағдайда өзгертілуі мүмкін.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны

Қызмет түрі

Орналастыру орны

Құны

Қазақ және орыс тілдеріндегі көлемі 3 000-нан 7 000 таңбаға дейінгі (бос орындарымен) дайын үгіт материалын орналастыру

Сайт айдарлары, жаңалықтар таспасы

250 000 теңге

Қазақ немесе орыс тіліндегі көлемі 3 000 таңбаға дейінгі (бос орындарымен) дайын үгіт материалын орналастыру

Сайт айдарлары, жаңалықтар таспасы

200 000 теңге

Сұхбатты орналастыру (5 фотосуретке және 1 бейнематериалға дейін)

«Сұхбат» айдары, жаңалықтар таспасы

300 000 теңге

Kazlenta.kz ресми әлеуметтік желідегі аккаунттарының бірінде (Facebook / Instagram / ВКонтакте / Одноклассники) жариялау

Әлеуметтік желілер

50 000 теңге

* Егер материал редакцияның кәсіби журналисі тарапынан дайындалатын болса, қызмет құнынан 30% үстем ақы қосылады.

Қызмет құны ҚҚС-сыз көрсетілген, себебі «SKIDKAZ» ЖК Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылмайды.

Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру үшін төлем   «SKIDKAZ»  ЖК  ұсынған шот негізінде, шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Төлем шартта немесе төлем шотында көрсетілген   «SKIDKAZ» ЖК банк деректемелеріне ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс мәліметтері: E-mail: info@kazlenta.kz, тел.: +7 (771) 159-87-06

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді