«SKIDKAZ» ЖК – 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №17412-ЖБ ҚР АКМ –ға есепке қойылған https://kazlenta.kz/ желілік басылымының меншік иесі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған (Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес) кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы маслихатының депутаттығына кандидаттарға сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарын ұсыну талаптары мен төлем мөлшері туралы ақпаратты жібереді.
Сайлау алды үгіт-насихат жүргізу материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарда белгіленген құнға және шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау алды үгіт-насихат жүргізу материалдарын Сайтта орналастыру: 2020 жылғы 11 желтоқсанда сағат 9.00-ден басталып, 2020 жылғы 8 қаңтар күні сағат 23.59 –ге дейін ұзартылады.
Сайлау алды үгіт-насихат жүргізу материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарын ұсыну тәрітібі мен талабы Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Сайлау алды үгіт-насихат жүргізу материалдарын Сайтта орналастыру құны төмендегі соманы құрайды:
• Лентада PR-мақаланы жариялау (бос орнымен 3 000 белгіге дейін, 5 суретке дейін) - 90 000 теңге
• Лентада видеосы бар PR-мақаланы жариялау (бос орнымен 3 000 белгіге дейін, 3 минутқа дейін видео) - 95 000 теңге
• Порталдың негізгі бетінде 24 сағатқа бекіте отырып, PR мақаланы жариялау - 120 000 теңге
• Лонгрид (бос орнымен 3 000-нан 10 000 белгіге дейін) - 110 000 теңге
• Порталдың негізгі бетінде 24 сағатқа бекіте отырып лонгридті жариялау - 150 000 теңге
*редакция материалды жазған немесе өңдеген кезде жалпы құнға 15% коэффициент қолданылады.
Баннерлерді орналастыру:
Desktop-нұсқа | ||
БАННЕР А1 Динамика, өтпелі 1230Х100 рх | 1 100 теңге/ 1 000 көрсетілім | |
БАННЕРЛЕР B1,2,3 Динамика, өтпелі 280Х300 рх | 900 теңге/ 1 000 көрсетілім | |
БАННЕР С1
Динамика, жаңалықтар шінде алмастыру 880Х100 рх | 500 теңге/ 1 000 көрсетілім |
Мобильді нұсқа | ||
БАННЕР D1 Мобильді құрылғыларға бейімделу Жаңалықтар шінде алмастыру 300Х200 px, top | 900 теңге / 1 000 көрсетілім | |
БАННЕР D1 Мобильді құрылғыларға бейімделу Жаңалықтар шінде алмастыру 300Х200 px, bottom | 700 теңге / 1 000 көрсетілім |
Орналастыру құны ҚҚС-сыз көрсетілген, себебі, Жарнаманы таратушы ҚР СК нормаларына сәйкес оның төлем төлеушісі болып табылмайды.
Төлем төлеу Сайттың шарты немесе шотта көрсетілген банктік реквизиттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Үгіт-насихат жүргізу материалдары конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Қазақстан Республикасының бүтіндігін бұзу, мемлекет қауіпсіздігін бүлдіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сонымен қатар, заңнамада қарастырылмаған әскери құрамын құру идеяларын жарияламауы тиіс.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамаған жағдайда Сайттың меншік иесі тиісті үгіт-насихат жүргізу материалын орналастырудан бас тартуға құқылы.
«SKIDKAZ» ЖК
директоры Рыжаев В.В.