2023 жылғы «19» наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасымәслихаттарының депутаттығына үміткерлерге, сондай-ақ партиялықтізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ҚазақстанРеспубликасы мәслихаттарының депутаттығына үміткерлерге «kazlenta.kz» сайтында «SKIDKAZ» ЖК интернет-алаңдарынұсынудың жалпы шарттары.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын сайтқа орналастыру 2023 жылғы 17 ақпандағы сағат 18.00-ден кейін 2023 жылғы 18 наурыздағы сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы ақпараттық хабарламада айқындалған құнға және шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сайт Интернет-алаңды Сайт иесі мен партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның сенім білдірілген тұлғасы арасында жасалған келісімшарт пен жазбаша өтініш негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны, оларды орналастыру кезеңі және түрі осы сенім білдірілген тұлғаның жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар келісімшартта тіркеледі.
Өтініш кезектілік тәртібімен өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі, әрбір жазбаша өтінішке өтініш келіп түскен күні көрсетілген реттік нөмір беріледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партияның сенім білдірілген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) келісімшарт жасасу мақсатында тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не өтініштер бір мезгілде келіп түскен кезде, жеребе бойынша белгіленеді. Редакция сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кестесін партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының жазбаша өтініштеріндегі мәліметтер (күні, уақыты және т.б.) негізінде белгілейді.
Сайлау алдындағы үгітті қамтитын барлық жарияланымдар қаржыландыру көздері туралы ақпаратпен және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегімен қоса беріледі.
Үгіт материалдары сайтқа орналастырылған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі болуға тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған үміткерлер олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жауапты болады.
Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны:
Дайын материалдарды орналастыру | |||
№ | Форматы | Орналастыру орны | Құны |
1. | Дайын материалды 3 000 таңбадан 7 000 таңбаға дейін (аралықпен) қазақ/орыс тілдерінде орналастыру | Рубрикалар бойынша орналастыру, лек | 130 000 теңге |
2. | Дайын пресс-релизді/пост-релизді 3 000 таңбаға дейін (аралықпен) қазақ/орыс тілдерінде орналастыру | Рубрикалар бойынша орналастыру, лек | 100 000 теңге |
3. | Материалды негізгі бетке бекіту | Сайттың басты бетіне орналастыру (өтпелі) | күніне 30 000 теңге |
* Материалды кәсіби журналист дайындаған кезде тапсырыс құны 30% - ға артады.
Жарнама таратушы ҚР СК нормаларына сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылмайтындықтан, орналастыру құны ҚҚС-сыз көрсетілген.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру үшін жасалған келісімшарт бойынша төлем - шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайттың меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.
Төлем келісімшартта немесе шотта көрсетілген сайттың банктік деректемелері бойынша жіберілу қажет.
Үгіт материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеяларын жарияламауға тиіс.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары орындалмаған жағдайда Сайттың меншік иесі тиісті үгіт материалын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Байланыс деректері: info@kazlenta.kz/ +7-771-159-87-06