Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түсе жаздаған зейнеткердің 2 млн теңгесін сақтап қалды

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түсе жаздаған зейнеткердің 2 млн теңгесін сақтап қалды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздаған зейнеткердің 2 млн теңге көлеміндегі жинағын сақтап қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткерге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар телефон соғып, оның атына басқа мемлекетке ақша аударылғанын және осыған байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған әйел өзіне ешқандай қатысы жоғын дәлелдеуге тырысқан кезде депозитінде 2 млн теңге жинағы бар екенін байқамай айтып қойған. Осыдан кейін қаскөйлер оған қаражатты шұғыл түрде шешіп алып, оны тергеу мүддесі үшін тапсыру қажет екенін айтып сендірген. Алаяқтардың нұсқауын бұлжытпай орындаған әйел банкке барып, ақшасын қолма-қол алған. Кейін күдіктілер зейнеткерге ақшаны түрлі заттармен бірге қорапқа салып, оны такси жүргізушісі арқылы жіберуді тапсырған. Сонымен қатар жүргізушіге бұл қораптың Астанада тұратын әпкесіне арналған сыйлық екенін айту қажеттігін ескерткен. Алайда такси салонында отырған жолаушы жағдайдың күмәнді екенін байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары алаяқтық белгілерін анықтап, жедел іс-шараларды бастады. Осы уақытқа дейін такси жүргізушісі Петропавл қаласынан шығып кеткен болатын. Полицейлер оны Аралагаш ауылы маңындағы автожолда тоқтатып, қораптағы ақшаны тәркіледі. Нәтижесінде 2 млн теңге толық көлемде заңды иесіне қайтарылды. Полиция азаматтарға телефон арқылы өзін құқық қорғау органдарының, банк немесе өзге мемлекеттік мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, қылмыстық іс қозғалғанын, "қауіпсіз шотқа" ақша аударуды немесе қаражатты қолма-қол шешіп, басқа адамға беруді талап ететін адамдардың әрекетіне сенбеуге кеңес береді. Мұндай жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, "102" арнасына хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
2 комментария
References: Legiano Casinio https://board-de.piratestorm.com/
  • Gail
  • 10-07-2026, 01:52
  • : 01:52
References: Legiano Casino Gutschein googleadservices.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді