Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана күні қарсаңында асық атудан республикалық дода өтіп жатыр

Астана күні қарсаңында асық атудан республикалық дода өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана күніне орай «Аспан» спорт кешенінде асық атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының XII командалық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 120-ға жуық спортшы қатысып, бірнеше күн бойы өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – республикалық дода алғаш рет командалық форматта ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан келген командалар қатысып жатыр. Ұлдар асық атудан, нақтырақ айтқанда «бес табан» ережесі бойынша бақ сынаса, қыздар бес асықтан шеберліктерін көрсетеді.

«Бүгін баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын! Осыдан 18 жыл бұрын алғашқы ресми «Алтын сақа» асық ату жарысын өткіздік. Сол жарыстан бастау алған талай жас бүгінде елге танылған азаматқа айналды. Ұлттық спортымыз да жылдан-жылға дамып, өз биігіне көтерілді.

Бүгінде әрқайсымыз ұлттық спортты дамытуға өз үлесімізді қосып, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізді сіңіріп келеміз. Бұрын жарыстарда он мәрте атқанда бір ғана асыққа дәл тигізетін болсақ, қазір үш атқанның бірі нысанаға дәл тиеді. Бұл спортшылардың шеберлігі артқанын көрсетеді.

Алғашқы жылдары жарысқа небәрі 5-6 команда қатысса, бүгінде олардың саны 20-ға жетті. Алғашқы Азия чемпионатының Астанада өтуі де ұлттық спорттың дамуына серпін берді. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Әрдайым асықтарыңыз алшысынан түссін!» – деді Асық ату федерациясының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Жомарт Сабыржанов.

Чемпионаттың нәтижесі алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманы жасақтауда маңызды рөл атқарады.

Жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер қатысып, өзара тартысты бәсеке көрсетуде.

«Елорда төрінде Астана күніне орай асық атудан Қазақстанның командалық чемпионаты басталды. Биыл бұл чемпионат алғаш рет командалық форматта ұйымдастырылып отыр. Жалпы Қазақстан чемпионаты 12 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Ал командалық дода алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Биылғы жарысқа еліміздің 20 өңірінен спортшылар жиналды. Ұлдар арасында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың командалары қатысса, қыздар арасында 12 өңірдің спортшылары бақ сынауда. Ұлдар асық атудан, нақтырақ айтқанда «бес табан» ережесі бойынша жарысса, қыздар бес асықтан сынға түседі. Чемпионаттың деңгейі өте жоғары. Жарысқа үш халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 17 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 20 спорт шеберлігіне үміткер қатысып жатыр. Әр команда үш спортшыдан құралған. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді. Яғни барлық командалар бір-бірімен кездеседі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді», – деді Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының президенті Ескендір Рахметов.

Айта кетейік, чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар келесі жылы өтетін Азия чемпионатына жолдама алады. Ал жүлделі екінші және үшінші орын иегерлері Әлем кубогына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапына қабылданып, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті