Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қазақстан Барысы»: Астанада қалалық іріктеу турнирі өтіп жатыр

«Қазақстан Барысы»: Астанада қалалық іріктеу турнирі өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы «Аспан» спорт кешенінде қазақ күресінен дәстүрлі «Астана барысы» қалалық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл бәсеке балуандарға республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама беретін маңызды дода болып саналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа барлығы 80 балуан қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Оның ішінде аса ауыр салмақтағы «Түйе балуан» санатында 15 спортшы бозкілемде бақ сынауда.  Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған турнирде балуандар -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100 кг және түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша күш сынасуда.Қаламыздың намысын қорғап жатқан түйе балуандар қатарында елге белгілі спортшылар Нұрдаулет Айсағалиев, Олжас Шынкеев, Мейіржан Сламшаиков, Жасұлан Халқабаев бар. Бұл туралы қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының аға жаттықтырушысы Марлен Ақтаев мәлімдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған балуандарға арнайы сыйлықтар, диплом және медаль табысталады. Ал «Түйе балуан» санатында 1-2 орын алған спортшыларға «Астана барысы» белбеуі беріліп, қазан айында елорда төрінде өтетін республикалық «Қазақстан барысы» додасына тікелей жолдама бұйырады.Айта кетейік, 2015 жылы Астананың намысын қорғаған Ғани Сейділдаев «Қазақстан барысы» турнирінде қола жүлдегер атанған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті