Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов танымал спортшылар мен туризм саласының өкілдеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстады

Ербол Мырзабосынов танымал спортшылар мен туризм саласының өкілдеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстады
Фото: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының арнайы басылымы табыс етілді.

Іс-шараға қатысушыларға Конституцияның арнайы даналарын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тарту етті.

Естелік басылым спорт саласының өкілдеріне, спорт ұйымдарының басшыларына, танымал спортшылар мен спорт ардагерлеріне, сондай-ақ туризм саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар мен сала өкілдеріне берілді.

Министр жаңа Конституция Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін және онда заң үстемдігі, жауапкершілік пен қоғамдық бірлік қағидаттары айқын көрініс тапқанын атап өтті. Сондай-ақ Конституцияны құрметтеу – мемлекеттің орнықты дамуының негізі екенін, ал әрбір азамат өз еңбегі арқылы елдің нығаюына үлес қосатынын айтты.

«Конституция – мемлекеттігіміздің берік тұғыры, елдің стратегиялық даму бағытын айқындайтын әрі әрбір азаматтың құқықтарына кепілдік беретін басты құжат. Әділдік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттары мемлекеттік институттардың қызметінен бөлек, күнделікті өмірде, соның ішінде спорт пен туризм салаларында да нақты көрініс табуы маңызды. Заңға құрмет, адал еңбек және елге қызмет ету – қуатты әрі өркениетті Қазақстанның берік негізі», – деді Ербол Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті