Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бокстан Әлем кубогының жеңімпаздары Астанаға оралды

Бокстан Әлем кубогының жеңімпаздары Астанаға оралды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан Әлем кубогында ел намысын абыроймен қорғап, алтын медаль жеңіп алған елордалық спортшылар – Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай мен 50 келі салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай Астанаға оралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жеңімпаз спортшыларды елорда әуежайында ата-аналары, туыстары, спорт саласының өкілдері мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Әлем кубогында топ жарып, ел мерейін асырған боксшыларға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.
«Елге оралып, ерекше қуанып тұрмын. Әлем кубогы өте жоғары деңгейде өтті. Жарысқа 40-тан астам мемлекеттің спортшылары қатысып, бәсекелестік өте жоғары болды. Сондықтан бұл турнирді әлем чемпионатымен деңгейлес деуге болады. Өзім төрт жекпе-жек өткіздім. Әр кездесу оңайға соққан жоқ, бар күш-жігерімді салдым. Қазақ еліне алтын медаль сыйлағаныма өте қуаныштымын. Біз осымен тоқтап қалмаймыз. Алдымызда Азия ойындары, әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары тұр. Сол жарыстарға тыңғылықты дайындалып, еліміздің абыройын асқақтату үшін еңбек ете береміз.

Қолдау білдіріп, жанкүйер болған барша қазақ еліне алғысымды білдіремін», – деді Әлем кубогының жеңімпазы Айбек Оралбай.

Айта кетейік, дүбірлі додаға әлемнің 44 елінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Аталған жарыста астаналық былғары қолғап шеберлері екі алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 алтын және 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді