Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада халықаралық йога күніне орай ауқымды іс-шара өтеді

Астанада халықаралық йога күніне орай ауқымды іс-шара өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 21 маусым күні Халықаралық йога күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Жиын «Йога – салауатты ұзақ өмір сүру өнері» ұранымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шара 2014 жылы Үндістанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен, Қазақстанды қоса алғанда 177 мемлекет қолдаған және жыл сайын 21 маусымда атап өтілетін халықаралық бастаманың аясында өтеді.

Мерекенің негізгі алаңы ретінде «Астана Арена» стадионының алдындағы аумақ таңдалған. Оған мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, медицина және білім беру ұйымдарының, спорт қауымдастықтарының, йога орталықтарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысады деп күтіліп отыр.

Бағдарлама аясында:
• 05:30 – қатысушыларды тіркеу және жиналу;
• 06:00 – «Сурья Намаскардың» 108 айналымын орындау;
• 08:00 – йоганың жалпы хаттамасы бойынша жаппай жаттығу өткізу жоспарланған.

Мереке қонақтарына Үндістаннан келген тәжірибелі нұсқаушылар сабақ өткізеді.

Қатысу үшін өзіңізбен бірге йогаға арналған төсеніш, бас киім алып келу қажет.

Іс-шараны Астанадағы Үнді мәдени орталығы мен Yoga Family Astana ұйымы қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді