Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды әрі мазмұнды бағдарлама әзірленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер, спорттық және отбасылық іс-шаралар өтеді. Барлығы 60-қа жуық іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Негізгі мерекелік іс-шаралар 1 мамыр күні өтеді. Бұл күні Достық үйі алаңында «Қазақстан – бірлік мекені» фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтарға ұлттық тағамдар, қолөнер көрмелері, шеберлік сағаттары мен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Қаланың бірнеше танымал орындарында концерттік бағдарламалар өтеді:  «Жетісу» саябағында, Есіл өзені жағалауындағы Арбат аумағында,  «Жастар» сарайында.

Сағат 12:00-де Қалалық алаңда Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Спортсүйер қауым үшін Триатлон паркінде жазғы маусымның ашылуы өте. Бағдарламада 5 шақырымдық жаппай жүгіру, 400 метрлік балалар жарысы, скандинавиялық жүріс, сондай-ақ футбол, волейбол және баскетбол (5×5) спорт түрлерінен командалық турнирлер бар.

Сонымен қатар, ашық жаттығулар (йога, street workout, жекпе-жек өнері) мен жеке күш сынасу жарыстары өтеді.

Бұл күні «Жерұйық» саябағында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ал «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде шахмат турнирі өтеді.

Мереке қарсаңында, яғни 30 сәуір күні елордада бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Олардың бірі – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтетін «Достық керуені» этнофестивалі. Бағдарлама аясында этнографиялық көрмелер, ұлттық қолөнерден шеберлік сағаттары, достық шеруі және концерт ұйымдастырылады.

Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған жаңа аулалар ашылады. Мұнда тұрғындардың қатысуымен «Аула күні» форматындағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

30 сәуір күні ЭКСПО аумағында мемлекеттік тумен патриоттық акция өтеді. Іс-шараға жастар мен этномәдени бірлестіктер қатысып, ұлттық бірліктің маңызын дәріптейді.

Сол күні Сарайшық ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырылады. «Жанұя» орталығында «Бейбітшілік – ел тілегі», «Қамқор» орталығында «Бірлік болған жерде, біз жеңілмейміз» атты іс-шаралар өтеді. Ал Достық үйінде «Мәміле» пікірталас клубының отырысы және «Халық Конституциясы – бірлік пен дамудың келешегі» атты конференция ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Баршын көшесі, 30/2 мекенжайындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде үстел теннисінен жарыстар өтеді. Байқоңыр ауданында тоғызқұмалақ, асық ату және армрестлинг спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар 2-3 мамыр күндері де жалғасады. Бұл күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері (оның ішінде «Keryen Joly» СОО аумағында), сауда-ойын-сауық орталықтарындағы концерттер және «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шаралардың бәрі қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық өзара іс-қимылды дамытуға және бірлікті насихаттауға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады