Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үйіңіздің ауласында тегін фитнес: Астанада AULAFIT жобасының жаңа маусымы ашылды

Үйіңіздің ауласында тегін фитнес: Астанада AULAFIT жобасының жаңа маусымы ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған AULAFIT әлеуметтік жобасының жаңа маусымы басталды. Жобаның салтанатты ашылу рәсімі «Құлагер» тұрғын үй кешенінің ауласында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашылу барысында қатысушыларға жазғы маусымда жұмыс істейтін жаттықтырушылар құрамы таныстырылып, жобаның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

«AULAFIT жобасы алты жылдан бері елорда тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келеді. Осы уақыт аралығында мыңдаған астаналық тұрақты түрде жаттығуларға қатысып, спортты күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, белсенді қоғам қалыптастыруға да ықпал етеді. Сондықтан қалада бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов.

Оның айтуынша, биыл жоба Астананың алты ауданындағы 30 аулада жүзеге асырылады. Жаттығулар аптасына алты күн өткізіліп, әртүрлі жас санаттарына арналған бағдарламаларды қамтиды.

«Жобаның басты ерекшелігі – оның қолжетімділігінде. Жаттығуларға үш жастан бастап егде жастағы тұрғындарға дейін қатыса алады. Барлық сабақтар білікті мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы – қатысу толықтай тегін», – деді Жоба жетекшісі Айтжан Мусин.

Айта кетейік, AULAFIT жобасы маусым айынан қыркүйекке дейін жалғасады. Бағдарлама жалпы дене дайындығы жаттығуларын, фитнес элементтерін және белсенді қимыл-қозғалыс ойындарын қамтиды.

Жоба аясында сабақтар дүйсенбіден сенбіге дейін өткізіліп, әр жас санатына арналған жаттығулар мына кесте бойынша ұйымдастырылады:
• 08:00-09:00 – аға буын өкілдеріне арналған жаттығу;
• 09:00-10:00 – ұлдар мен қыздарға арналған жаттығу;
• 16:00-17:00 – 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған жаттығу;
• 17:00-18:00 – 11-15 жас аралығындағы балаларға арналған жаттығу;
• 18:00-19:00 – жастарға арналған жаттығу.

Еске салайық, AULAFIT жобасы Астанада алғаш рет 2020 жылы қала әкімдігінің қолдауымен іске қосылған. Жобаның ұйымдастырушысы – Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жаттығулардың кестесі мен өткізілетін орындар туралы толық ақпарат Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының sport_basqarmasy_astana және aulafit ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды