Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция ірі көлемдегі қарақшылық қылмысын ашты

Алматыда полиция ірі көлемдегі қарақшылық қылмысын ашты
Фото: polisia.kz

Алматына 30 миллион теңгенің қарақшылық шабуылы бірден әшкере болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық шабуылды "ізін суытпай" ашты. Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз әлдебіреу күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Бұл қылмыстың ашылуы – іске тартылған барлық бөлімшенің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі. "Заң мен тәртіп" қағидаты біз үшін ұран емес, күнделікті қызметтің басты талабы. Ауыр қылмыстың ешқайсысы жауапсыз қалмайды, ал әрбір жәбірленуші мемлекет пен полицияның өз жағында екеніне сенімді болуы тиіс, – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді