Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы мәслихатының сессиясында 2026 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жобасы қаралды. Қалалық Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша қаражатты қаланың әлеуметтік, көлік, спорт және туристік инфрақұрылымын дамытуға бағыттау жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру саласында Әуезов ауданындағы Ақсай-2 шағынауданында орналасқан №42 мектепті қайта жаңғырту және қазіргі №158 мектептің орнына жаңа мектеп салу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, жаңа «JIGER» мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылығы мен даму орталығының, №15 санаторлық мектеп-интернатының жаңа ғимаратының қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен балабақшаларды жабдықтауға қаржы бөлінеді.

Денсаулық сақтау саласында Медеу ауданындағы «Алатау» қалалық емханасын қайта жаңғырту басталады. Сондай-ақ, онкологиялық орталығы мен емханасы бар көпсалалы аурухана, «Дарабоз» шағынауданындағы перинаталдық орталық және Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығын қайта жаңғырту жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады.

Мемлекет басшысы ұлттық маңызы бар стратегиялық жобалардың бірі ретінде айқындаған Алматы тау кластерін дамытуға ерекше назар аударылуда. Жоба аясында тау кластерінің орталық аймағының инженерлік инфрақұрылымы, сондай-ақ «Шымбұлақ» курортынан Кімасар және Бұтақты шатқалдары бағытындағы аспалы жолдар мен базалық станциялардың құрылысы басталады.

Қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Атап айтқанда, Қазақстан гимнастика федерациясының орталығының құрылысы және Алмалы ауданындағы бұрынғы трамвай депосының аумағында спорт нысандарымен қатар мәдени-шығармашылық бағыттағы комьюнити орталықтар орналасатын көпфункционалды қоғамдық орталықтың құрылысы жүргізіледі.

Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. LRT жобасын жүзеге асыру, Алматы агломерациясы бағытындағы радиалды жолдарды және Ақжар мен Теректі шағынаудандарындағы жол инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасады.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және Алматының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды