Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4,5 жылға сотталды

Қарағанды облысында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4,5 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қазан айында Пархоменко атындағы зауыт маңында серіктес қалалардың бірінің тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына ілінді. Ол синтетикалық есірткілерді жасырып кетуге арналған орындарды дайындау кезінде ұсталған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған күдіктінің жанынан синтетикалық есірткі салынған 40 түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 17,576 грамды құраған. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп, іс бойынша дәлелдемелік база толық жинақталды. Тергеу кезеңінде күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот отырысында жиналған дәлелдемелер, куәлардың айғақтары және сараптама қорытындылары жан-жақты қаралды. Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын сипаттайтын деректерді ескере отырып, сот оны кінәлі деп таныды. Сот үкімімен жасөспірім 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Аталған жағдай жастардың есірткі қылмыстарына тартылуының ауыр салдарын көрсетеді. Заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыстар үшін кәмелетке толмағандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды