Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Райымбек ауданында алғаш рет ауыл шаруашылығы форумы өтті. Шара ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Онда тыңайтқыштар, дрондар және өсімдік шаруашылығына арналған заманауи технологиялар көрмесі ұсынылды. Жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, шаруашылықтар ғылыми зерттеу институттарымен меморандумға қол қойды. Форумға шаруа қожалықтарының өкілдері, сала мамандары, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Райымбек ауданының тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Табиғат жағдайы, жердің құнарлылығы бұл бағытты дамытуға толық мүмкіндік береді. Форумда түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстырды. Олар ет, сүт, бал, балық өнімдерін өңдеп, халыққа ұсынып отыр. Солардың бірі – «Әшірақын Диас» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Кәсіпорын 2025 жылдан бері жұмыс істейді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 27 млн теңге несие алып, осы қаражатқа қора-жай салып, 3000 бас тауық сатып алған. Қазіргі таңда Райымбек, Кеген аудандарын экологиялық таза тауық етімен, сапасы жоғары жұмыртқамен қамтамасыз етуде. Ал «Райымбек омарташылары» өндірістік кооперативі табиғи, қантсыз бал өнімін өндірумен айналысады. Қазіргі таңда онда 100-ден астам омарта бар. Балдан бөлек емдік қасиеті бар 15 түрлі өнім алынады. Болашақта омарта санын 500-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Кооператив басшысының айтуынша, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, пайдалы әрі таза өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Форум барысында ауыл шаруашылығы зерттеу институттары бұл саладағы топырақ деградациясы, мал ауруы және өзге де қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған жобалары жайлы баяндады. Шаруалар институттармен келісімге келіп, бірігіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге лизингке ауыл шаруашылығы техникалары берілді.

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаевтың айтуынша, бүгінде бұл саланы дамытуға бағытталған тың бастамалар қолға алынған. Атап айтқанда, «Altyn DAN» ЖШС Орта Азиядағы танымал «PepsiCo Central Asia» компаниясы және «Magnum» сауда желісімен ірі жобаларды іске асыруда.  Бүгінгі таңда ауданда 2500 гектардан астам жерде су үнемдеу қондырғылары пайдаланылуда. Биыл тағы 1800 гектар аумаққа заманауи технологиялар орнатылмақ.

Ирригация саласында 6 су қоймасы, 8 магистральдық канал мен 13 ішкі шаруашылық каналын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауданның ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға,  экспорт әлеуетін арттыруға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға жол ашады.

Қазіргі таңда ауданда 66 мың ірі қара, 267 мың қой мен ешкі, 42 мың бас жылқы бар. 2316 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс атқаруда.

«Райымбек ауданында ірі қара малын асылдандыру және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ірі қара мал тұқымын асылдандырумен 12 шаруа қожалық, ал асыл тұқымды ұсақ мүйізді мал өсірумен 6 шаруа қожалық айналысуда. Онда «Ангус», «Герефорд», «Қазақтың ақ бас сиыры», «Қалмақ» тұқымды ірі қара, сондай-ақ «Архар меринос» және «Иль-де-Франс» тұқымды қойлары өсірілуде. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатында биыл аудан әкімдігі мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл келісімнің нәтижесінде университет ғалымдары шаруашылықтарда мал тұқымын жақсарту ісіне ғылыми жетекшілік жасап, әдістемелік қолдау көрсететін болады», – деді Дастан Сұлтанмұратұлы. 

Сондай-ақ шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасына да тоқталып өтті. Айтуынша, соңғы жылдары ауданда 200-ге жуық трактор, 100-ден аса агрегат алынып, жаңарту көрсеткіші 60%-дан асқан. Алдағы уақытта мал бордақылау алаңдарын құру, егін және мал шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын жандандыру жоспарланған.

Форум ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ шаруалардың тәжірибе алмасуына, жаңа жобалармен танысуына жағдай жасады. Сондықтан бұл форум алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды