Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетпіске жуық шебер Шымқаланың мәдени мүмкіндігін таныстырды

Жетпіске жуық шебер Шымқаланың мәдени мүмкіндігін таныстырды
Фото: Visit Shymkent сайты

Шымкентте қолөнершілер форумы өтті.  Іс-шараны Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы «Artisans of Shymkent» атауымен ұйымдастырды. Мұндағы мақсат - ұлттық қолөнерді жандандырып, этнотуризмді дамыту.   

Форумға жергілікті және өзге облыстардан  65 қолөнерші қатысып, өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ерекше сарында өткен іс-шара – әр аймақ қолөнершілерінің басын қосып, өзара тәжірибе алмасуға, қолөнер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Аталмыш  форумға алғаш рет қатысып жатқандар да бар. Солардың бірі Жәнерке Байбосынова. Жас суретші жапон елінің анимациялық кейіпкерлерін қазақи стильде үйлестіріп, ұлттық киім-кешекте әрлеп бейнелеген.  

Рухани шара қолөнер шеберлігін дамытуға және жаңа буынды шабыттандыруға ықпал етпек. Әр аймақтан келген 65 қолөнерші тоқыма, құрақ, зергерлік бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды. Форумда көрмемен қатар, панельдік сессия өтті. Онда сала мамандары өздерінің көпжылдық қалыптасқан іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының мамандары он саусағынан бал тамған шеберлерге кәсіп жүргізудің тиімді жолдарын үйретіп, мастер класс сабақтарын ұйымдастырды.Іс-шара қорытындысы бойынша, форум аясында ұйымдастырылған бірнеше байқаулардың  жеңімпаздары мен  қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, бүгінде өңірде қазақ қолөнерін шетелдерге дәріптеп жүрген Қазақстан Қолөнершілері Одағының 23 мүшесі бар. Әр туындысында ұлттық нақышта салт-дәстүріміз бен қазақи болмысымызды бейнелей білген шеберлер бұған дейін Үндістан, Малайзия, Түркия, Түрікменстан, Непал, Қытай, Тайланд елдерінде болып қайтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді