Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту бағдарламасы жалғасып келеді. Қазіргі уақытта 1977 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан №16 қалалық емхананы сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайта жаңғырту жобасы үш функционалдық блокты қамтиды: негізгі төрт қабатты ғимарат, зертхана корпусы және үш қабатты «Б» блогы. Жаңғыртылатын нысандардың жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады.

Жоба аясында ғимараттардың көтергіш құрылымдары кешенді түрде күшейтілді. Бұл олардың жер сілкінісіне төзімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылу, су, желдету және электрмен жабдықтау жүйелері толық жаңартылды. Ішкі бөлмелер заманауи медициналық стандарттарға сәйкестендіріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасалады.

Медициналық мекеме 63 мыңнан астам тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді. Жобаның ерекшелігі, қайта жаңғырту жұмыстары емхананың қызметін тоқтатпай жүргізілуде. Құрылыс кезең-кезеңімен ұйымдастырылғандықтан, емхана жаңғырту барысында да Әуезов ауданы тұрғындарын қабылдауды жалғастырды.

«Басты міндет — ғимаратты күшейтіп қана қоймай, сапалы медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи әрі жайлы орта қалыптастыру болды. Қазіргі таңда нысанда әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ ғимаратты пайдалануға беру алдында инженерлік жүйелер толық тексерілуде. Қайта жаңғырту жұмыстарын биыл күзде аяқтау жоспарланып отыр», — деп хабарлады Алматы қаласы Құрылыс басқармасының өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды