Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 200 орындық интернат салынады

Абай облысында 200 орындық интернат салынады
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Мемсараптама» РМК Абай облысы Абай ауданының Қарауыл ауылындағы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ үшін 200 орындық интернат салу жобасына оң қорытынды берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның тапсырыс берушісі — «Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ, ал бас жобалаушы — «Семстройпроект» жобалау-іздестіру институты» ЖШС.

Жоба аясында төрт функционалды өзара байланысқан блоктан тұратын, 2 және 3 қабатты заманауи интернат ғимаратын салу көзделген.

Екі қабатты орталық блокта кіреберіс аймағы, әкімшілік және қосалқы бөлмелер орналасады. Сонымен қатар екі қабатты блокта асхана мен қыздарға арналған жатын корпусы қарастырылған. Жеке блокта медициналық пункт пен қосымша тұрғын жай бөлмелер орналастырылады. Ал үш қабатты блок тұрғын жай секцияларға арналған.

Жобада қолжетімді орта қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылған. Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі өзге де азаматтар үшін тиісті қолайлы жағдайлар жасалған. Ғимаратта бейімделген қозғалыс жолдары, арнайы кіреберіс алаңшалары, көтергіш платформа, мамандандырылған санитарлық бөлмелер, сондай-ақ навигация және қауіпсіздік элементтері жобаланған.

Жобаны іске асыру оқушыларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасауды көздейді. Бұл Абай облысының білім беру саласы инфрақұрылымын дамытудағы жарқын мысалдардың бірі саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді