Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Наурыз мерекесінде Қазақстандық әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайды

Наурыз мерекесінде Қазақстандық әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында Қазақстанның әуе компаниялары ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр. Air Astana және FlyArystan 2026 жылғы 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.

SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. Сонымен қатар, 23–26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейс қосылады.

Қосымша рейстердің ашылуы ел ішінде қатынауды жеңілдетіп, азаматтардың мереке күнгі сапарларын жоспарлауына мүмкіндік береді.

Жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті