Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздар тағайындалып, ең сұранысқа ие бағыттарда орын саны арттырылатын болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, стандартты жолаушылар вагондарынан құралған 22 рейске 3 қосымша пойыз тағайындалды:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»;
  • №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»;
  • №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».

Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жоғары бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.

Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.

Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар теміржол вокзалдарында шағын мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде жолаушыларға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсыну, тақырыптық фотозоналар орнату және мәдени қойылымдар ұйымдастыру қарастырылған, бұл Наурызды мерекелеу күндері жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді