Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады

Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады
Фото: pixabay.com

Көмір генерациясын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бекітілген Ұлттық жобасы электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуге, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын терең жаңғыртуға және Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі. 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған қуаттарды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 8 жаңа электр станциясын салу және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңғырту көзделген.

Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды. Оған Курчатовтағы конденсациялық электр станциясы (700 МВт), қуатты Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы (350 МВт) және Екібастұздағы (180 МВт) ЖЭС, сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы кіреді.

Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған станциялардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаны іске асыру одан арғы өнеркәсіптік өсу, цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллект технологияларын ендіру үшін сенімді энергетикалық негіз жасауға мүмкіндік береді.

Көмір генерациясы технологиялық жаңғырту және экологиялық стандарттарды сақтау шартымен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұзақ мерзімді перспективада энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөлін сақтап қалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады