Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Ұлыбританиямен инвестиция және тұрақты даму саласындағы серіктестікті күшейтіп келеді

Алматы Ұлыбританиямен инвестиция және тұрақты даму саласындағы серіктестікті күшейтіп келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахим Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Ұлы мәртебелі Корольдің сауда жөніндегі комиссары, Ұлыбританияның Ыстанбұлдағы Бас консулы Дэвид Рид мырзамен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қала инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады.

Бүгінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл британдық бизнестің еліміздің инвестициялық әлеуетіне деген жоғары сенімін аңғартады. Сонымен қатар кездесуде Алматы мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары екені айтылды.

Сәулет өнері, қала инфрақұрылымын дамыту және «жасыл» энергетика салаларында Ұлыбританияның озық тәжірибесін енгізуге ерекше назар аударылды. Тараптар тұрақты қалалық даму мен экологиялық жаңғыру бағытындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін жеткізді.

Кездесу соңында өңіраралық байланысты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және серіктестік қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екені расталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді