Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың Ұлыбританияның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі сауда комиссары Дэвид Ридпен кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақ-британ сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігін одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы отырысы күн тәртібінің басым бағыттары талқыланды.

Екіжақты сауданың оң серпіні және оны одан әрі арттырудың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан Ұлыбританияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі екені атап көрсетілді: Ұлыбританияның өңір елдерімен шамамен 5 млрд фунт стерлинг көлеміндегі саудасының 2,7 млрд фунт стерлингке жуығы Қазақстанға тиесілі.

Маңызды пайдалы қазбалар, энергетика, инфрақұрылым, көлік және логистика, қаржылық қызметтер, цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстанның стратегиялық орналасуын және Еуропа мен Азия арасындағы орнықты жеткізу тізбектерін қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы ынтымақтастық әлеуеті жеке атап өтілді.

Сонымен қатар Қазақстандағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру үшін британдық тәжірибе мен қаржылық құралдарды тарту мүмкіндіктері қарастырылды. Осы тұрғыда ратификацияланған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім нақты өзара тиімді жобаларды ілгерілетуге, институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға қолайлы негіз қалыптастыратыны атап өтілді.

Кездесу барысында гуманитарлық және білім беру салаларындағы байланыстардың жандануы, соның ішінде Қазақстанда британдық университеттердің қатысуының кеңеюі атап өтілді. Білім беру, кадрлар даярлау және инновациялық экожүйені дамыту ұзақ мерзімді экономикалық әріптестіктің маңызды элементтері ретінде белгіленді.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-британ стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдетуге, өзара сауданы кеңейтуге және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайындық расталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді