Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Бірлік күніне орай белсендi жастар жаппай ағаш отырғызды

Астанада Бірлік күніне орай белсендi жастар жаппай ағаш отырғызды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Президенттік саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай елорданың Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға «Ассамблея жастары» форумының қатысушылары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен еріктілері қатысты.

Бұл бастама Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің мәнін айқындай отырып, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Экологиялық акция барысында 60-қа жуық көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасының өзі жастардың сұранысы бойынша көтерілді деп айтуға болады. Өйткені қазіргі жас толқынның бойында жануарлар әлемі мен табиғатты қорғау бағытында айрықша серпіліс бар. Сондықтан өзге де жастар қауымын елімізде болып жатқан осы акциядан қалыс қалмауға шақырамыз. Біз қазіргі барымызды сақтай отырып, жасыл желекті көбейтіп, оны жастардың келесі буынына аманат етіп қалдыруымыз керек», – деді «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Александр Урмашев.

Оның сөзінше, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының еліміз бойынша 10 мыңға жуық белсендісі бар.

Бірқатар өңірде Достық және бейбітшілік аллеялары ашылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады