Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен қозғалыстың жаңа жүйесі енгізіледі

Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен қозғалыстың жаңа жүйесі енгізіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Желтоқсан көшесінде BRT (Bus Rapid Transit) желісінің іске қосылуына байланысты қозғалысты ұйымдастырудың жаңа сызбасы енгізіледі. Ұзындығы 4,6 шақырым болатын жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT учаскесі мен Райымбек батыр даңғылы бойында салынып жатқан аумақты жалғап, оңтүстіктен солтүстікке қарай үздіксіз жылдам автобус қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, жолдағы таңбалар мен белгілерге мұқият назар аудару қажет. Аталған аумақта құқықбұзушылықты бақылауға алатын фото және бейне тіркеу жүйелері де жұмыс істейді.

Жоба аясында арнайы жолақтар жол бойының шетінде орналастырылған. Мұндай шешім тұрақта тұрған көліктер мен кептелістен болатын қолайсыздықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік бағытқа қозғалғанда бөлінген жолақ көшенің оң жағында, ал кері бағытта сол жағында сызылған. Жеке автокөліктер үшін Абай даңғылынан солтүстікке қарай бұрынғыдай біржақты қозғалыс тәртібі және жолақ саны сақталады.

Жаңа бағыттар бойынша автобустар 14 желтоқсаннан бастап екі бағытта да қатынай бастайды. Алғашқы кезеңде №92 және №59 маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр. Маршруттардың нақты сызбасы мен қозғалыс кестесі кейінірек жарияланады.

Айта кетерлігі, жоба аясында барлық жолаушыға қолайлы болуы үшін арнайы көтеріңкі платформасы бар заманауи аялдама кешендері орнатылды. Сонымен қатар екі қабат асфальт төселіп, бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, тротуар плиткалары арқылы жүргіншілер аймағы көріктендірілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті