Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Резидент еместердің табысын тану мерзіміне қойлатын талаптарды ұзақмерзімді жобалар үшін жұмсарту ұсынылды

Резидент еместердің табысын тану мерзіміне қойлатын талаптарды ұзақмерзімді жобалар үшін жұмсарту ұсынылды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 13-ші отырысында Қазақстанның резидент еместерінің аванс бойынша міндеттемелері түріндегі кірістерін тану мерзімдері мен шарттары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов атап өткендей, жаңа Салық кодексінде (679-баптың 1-тармағының 5-тармақшасы) мұндай табысты тану мерзімі 24 айдан 12 айға дейін қысқартылды. Егер бейрезидент міндеттемелерін аванс төленген күннен бастап 12 ай ішінде не аванс төлеген заңды немесе жеке тұлға таратылған күнге дейін орындамаса, табыс халықаралық шарттың болуына және келісімшарттың қолданылу мерзіміне қарамастан алынды деп танылады.

Бұл норма капиталды көп қажет ететін және ұзақмерзімді жобалар үшін, оның ішінде мұнай химиясына және жүзеге асыру мерзімі 12 айдан асатын К-5/Еуро-5 стандартты отын компоненттерінің өндірісіне анағұрлым әсер еткіш болып келеді.

Талқылау барысында салық органдары мерзімдерді ұзарту кезінде теріс пайдалану тәуекелдері бар екенін жеткізді. Жиын қорытындысында Салық кодексіне ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар үшін, сондай-ақ әуе кемелерін сатып алатын авиакомпаниялар үшін ерекшелік түрінде резидент еместердің кірістерін тану мерзімін ұзарту мүмкіндігін көздейтін өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылданды. Мұндай ерекшеліктерді қолдану қажеттілігі бейінді салалық министрліктің қорытындысымен расталатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады