Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Салық кодексіндегі өзгерістер мен энергетика нарығына қатысты жаңа шешімдер талқыланды

Салық кодексіндегі өзгерістер мен энергетика нарығына қатысты жаңа шешімдер талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 11-ші отырысы бұрған дейін қосымша пысықтауға жолданған мәселелерді қарауға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші мәселе «Электр қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС үшін шот-фактураларды жазып беру мерзімін қайта қарауға қатысты болды. Бұған дейін бұл мәселе жобалық кеңсенің 9 отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша талдау туралы шешім қабылданған еді.

Мерзімдерді өзгерту қажеттілігі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс ерекшелігіне байланысты болып отыр: тұтыну туралы нақты дерек пен есептік көрсеткіш есептік айдан кейінгі айдың 20-сынан кейін ғана қалыптасып, қолжетімді болады.

Осыған байланысты нарық қатысушылары алдымен құжаттарды күні бұрынғы мәліметтер бойынша ұсынуға, кейін нақты мәні белгілі болғанда қайта түзетуге мәжбүр.

2026 жылдан бастап түзетілген электронды шот-фактураны алушы тараптың міндетті түрде растауы талап етілетіндіктен, қолданыстағы мерзім құжаттардың дұрыс ресімделуінде тәуекел туғызып отыр.

Осыған байланысты салалық ерекшелікті ескере отырып, ЭШФ-ны жазып беру мерзімін ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Талқылау қорытындысы бойынша мерзімдерді ауыстыру туралы ұсыныс қолдау тапты. Нарық операторы мен Бірыңғай сатып алушы үшін шот-фактураларды жазып берудің жаңа мерзімі есептік айдан кейінгі айдың 27-не дейін деп белгіленді. Тиісті өзгерісті Салық Кодексіне ретроспективті түрде енгізу, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарлануда.

Сондай-ақ, отырыста тау-кен-металлургия секторында салық нормаларын, атап айтқанда, кокстелетін көмірге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) қолдану мәселесі қаралды. Мәселенің күрделілігі мен көпфакторлылығын ескере отырып, келісілген шешімдерді егжей-тегжейлі зерделеу мен әзірлеу үшін оны қарау тағы бір айға ұзартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады