Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жобалық кеңсенің отырысында ҚҚС, ЖЖМ импорты және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселелері талқыланды

Жобалық кеңсенің отырысында ҚҚС, ЖЖМ импорты және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің алтыншы отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын имплементациялау мәселесінің кезекті тобы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бау-бақша қоғамы: ҚҚС бойынша есепке тұру керек пе?

Отырыста бау-бақша кәсіподақтарының өтініштері қаралды. Бау-бақша қоғамдары тұтыну кооперативі түрінде коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеледі. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінің 40 млн теңгеге дейін төмендеуіне байланысты, ҚҚС төлеуші болу міндетті ме деген сұрақ туындап отыр.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов түсіндіргендей, тұтыну кооперативі дегеніміз - жалпы шығынды жабу үшін мүшелік жарна есебінен ортақ қор құратын азаматтардың бірлестігі. Мұндай жарна тауар немесе қызмет үшін төлем болып саналмайды, яғни ҚҚС бойынша салық салынатын айналым деп танылмайды. Тиісінше, мүшелік жарнаны алған кезде ҚҚС пайда болмайды да, мұндай жарна бойынша шот-фактура жазылмайды. Осы себепті, ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттілігі жоқ.

ҚҚС бойынша міндет кооператив қосымша кәсіпкерлік қызмет жүргізіп, тауарды немесе қызметті сатудан кіріс алған жағдайда ғана туындауы мүмкін.

Егер қызмет жарна жинаумен және оны кооператив мүшелерінің қажеттілігіне жұмсаумен шектелсе, салық салынатын табыс пайда болмайды.

ЖЖМ импорты кезінде ҚҚС-тан босату

Жиында халықаралық тасымалдау кезінде әуе кемелері пайдаланатын жанар-жағармай материалы импортын ҚҚС-тан босатуды көздейтін Салық кодексінің 479-бабының нормалары талқыланды. Ол дипломатиялық немесе консулдық мекемелер тарапынан отынды мақсатты пайдалану туралы қосымша растауды көздейді. Отырысқа қатысушылар мұндай талаптарды артық деп таныды. Артық бюрократияны болдырмау үшін бұл шарт қолданылмайды.

Резидент еместердің қызметі бойынша шот-фактура

2026 жылдан бастап резидент еместерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде шот-фактура жазып беру талабы енгізіледі. Бұл ретте ҚҚС төлеуші мен төлемейтіндер үшін тәртіп әр түрлі. Мемлекеттік кірістер комитеті жақын арада осы нормалардың іс жүзінде қолданылуы жөнінде ресми түсініктеме береді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жұмыс істеу кезіндегі шығыстар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өндірісін растау

Ұзақ қарастыруды және жан-жақты талдауды талап ететін жүйелік мәселе ретінде, ЖШС-ның мүмкіндігі бойынша жалпыға бірдей белгіленген режимде КТС бойынша шығысты, егер тұлға бір мезгілде осы серіктестіктің құрылтайшысы болып табылса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғамен шартқа сәйкес, шегерімге жатқызу мәселесі қаралды.

Қазіргі уақытта Салық кодексінде мұндай шығысты шегерімге жатқызуға тыйым жоқ. Жеке тұлғаның (оның ішінде құрылтайшының) қосымша мәртебесі шегерімнен бас тартуға негіз болмайды.

Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін режим бастапқыда өзге кәсіпкерлік қызметті жүргізбейтін адамдарға арналғаны атап өтілді. Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шартпен алмастыруға жол берілмейді.

Бұл мәселе Жобалық кеңсенің келесі отырысында да қаралады.

Сондай-ақ, арнайы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының өнім өндірісін растау мәселесі талқыланды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін сату кезінде сұр импортты болдырмау үшін қажет. Егер мал шаруашылығында малдың шығу тегі ақпараттық жүйе арқылы расталса, егін шаруашылығында қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Растау механизмі нақтылауды қажет етеді. Мәселе бейінді мемлекеттік органмен бірлесіп пысықталып, Жобалық кеңсесінің кезекті отырысына шығарылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті