Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінде экономикалық және кедендік шешімдер қабылданды

Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінде экономикалық және кедендік шешімдер қабылданды
Фото: primeminister.kz

Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында ЕАЭО елдерінің экономикалық қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар мәселе қаралды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша «Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті қолдану жөніндегі өтпелі ережелерді ұзарту мәселесі талқыланды.

Қазақстан ЕЭК Кеңесінде транзиттік мультимодальдық хабты дамыту шеңберінде жүк әуе кемелерін кедендік баждан және салықтан босату мәселесін көтерді. Ұсынысқа қолдау жасалып, енді бажсыз режим 12 жыл бойы қолданылады. 

Бұл қазақстандық авиатасымалдаушыларға жүк флотын жаңарту және пайдалану кезінде қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп (ЕТТ ЕАЭО кедендік әкелу бажының қолданыстағы ставкасы ұшаққа қатысты 7,5% және 12,5%), техника алуға жеңілдікпен қатты келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Жүк әуе паркінің болжамды сұранысы — 130 әуе кемесі.

ЕЭК Кеңесі сондай-ақ ЕАЭО кейбір елдері, оның ішінде Қазақстан үшін де жарықдиодты модульдер әкелуді импорттық баждан босатуды мақұлдады. Шара ЕАЭО ішіндегі өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыруға және жарық диодты шамды өндіру кезінде импорттық жиынтықтауышты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Құрылыс материалдарын (гипс, цемент, ерітінділер және т.б.), бояу өнімін, балаларға арналған кейбір ойыншықтар мен ойындарды (скутерлер, педальды автомобильдер, қуыршақ арбалары, қуыршақтар, электр жарыс автомобильі жиынтығы, үстел ойындары және т.б.), еритін және қайнатылатын сусындарды (шай, кофе, какао және т.б.) міндетті түрде таңбалау туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, әрбір мемлекет бизнеспен талқылаудан және инфрақұрылымның дайындығын талдаудан кейін ғана оны енгізу мерзімі мен тетігі туралы шешімді дербес қабылдайды.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін Тауардың шығарылған елін айқындау қағидасына өзгеріс енгізілді. Өзгерістің негізгі мақсаты – мүше мемлекеттер өндірушілерінің ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатып алу нарығына кедергісіз қол жеткізуі. 

Атап айтқанда, талшықты-оптикалық кабель өндірісіне қойылатын талаптар белгіленіп, сондай-ақ СТ-1 сертификаты арқылы қатысу үшін тауар тізбесі толықтырылды. Сондай-ақ СТ-1 сертификатымен шығарылғанын растайтын тауар тізімі кеңейтілді. Оған синтетикалық талшықтан жасалған арқан және арқан бұйымдары, сондай-ақ медициналық емес рентгендік тексеру қондырғылары және бұзбайтын бақылау жүйелері кіреді.

Қабылданған шешімдер аталған тауар өндірушілерге өз өнімін өнеркәсіптік өнімнің Еуразиялық тізіліміне енгізуге және Одақ елдерінің нарығына қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы энергетика, табиғи монополины реттеу, қаржы нарығы, мемлекеттік сатып алу, кедендік реттеу, кедендік-тарифтік реттеу, техникалық реттеу саласындағы интеграциялық үдерістерді дамытуға арналған мәселелер қаралды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады