Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕАЭО-да темекіге акциздердің жаңа индикативтік ставкасы және дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін оңтайландыру мақұлданды

ЕАЭО-да темекіге акциздердің жаңа индикативтік ставкасы және дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін оңтайландыру мақұлданды
Фото: primeminister.kz

29 мамырда Мәскеуде (РФ) өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсімдер бойынша шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2029 жылға фильтрлі темекіге акциздердің бірыңғай индикативтік ставкасының мөлшері акциздердің нақты ставкаларынан 20%-дан аспайтын (36 еуродан 54 еуроға дейін, шамамен 17 мың теңгеден 25 мыңнан астам теңгеге дейін) ауытқу диапазонымен 1 мың данасы үшін 45 еуро (21 мың теңгеден астам) мөлшерінде бекітілді. Бұған дейін, 2019 жылы қабылданған 2024 жылға арналған темекіге акциздердің индикативтік мөлшерлемесі 35 еуроны (16 мың теңгеден астам) құраған. 

Бұл индикатив темекіге акциз ставкаларын жоспарлайтын ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен темекі өнімдерін өндірушілер үшін бағдар болып табылады.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің шешімімен Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ережесіне өзгерістер енгізілді. Ол сараптамалық жұмыстарды жүргізу және дәрілік препараттардың құжаттамасын тіркеу бағалау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ресми халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған спорттық заттар мен жабдықтарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалды. Бұл тауарларға оларды әкелу және әкету кезiнде жеңiлдiктi шарттармен арнайы кедендiк рәсiм қолданылатын болады. Бұл ұйымдастырушылар мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді