Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шикі қантты, мыс шикізатын бажсыз әкелу және АӨК саласындағы кооперациялық жобалар

Шикі қантты, мыс шикізатын бажсыз әкелу және АӨК саласындағы кооперациялық жобалар
Фото: primeminister.kz

Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Қазақстанға 2026 жылдың соңына дейін 100 мың тоннаға дейінгі көлемде шикі қант импортына кедендік әкелу бажын нөлдеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара қазақстандық қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге және ішкі нарықта бағасы қолжетімді қант өндіруге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы қанттың негізгі көлемі қамыс шикізатынан өндіріледі. Бұл ретте қант саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттарды қосқанда, өндірісті кезең-кезеңімен әртараптандыру көзделген. Осы процестің ұзақтығын ескере отырып, қамыс шикізатын импорттау саланың тұрақты жұмысының қажетті шарты болмақ.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанға мыс және мыс цементтеу штейні импортының 2,5 мың тоннаға дейінгі жиынтық көлемі кедендік әкелу бажынан босатылады. Шешім шикізат сатып алу шығынын оңтайландыру мен дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен түсті металлургия кәсіпорындарын қолдау мақсатында қабылданған.

Қазақстанда цементтеу мысын “Казцинк” ЖШС өндіреді. Ол осы өнімнің әрі өндірушісі әрі тұтынушысы. Кәсіпорынның мыс және мыс цементтеу штейніне жылдық қажеттілігі шамамен 1,8 мың тонна. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін нөлдеу фискалдық жүктемені азайту, шығынды азайту есебінен шикізатты сатып алу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа да елдеріне әкелінетін, тоқыма материалдарын, былғарыны, жүнді және химия өнеркәсібінің басқа да материалдарын өңдеуге арналған бірқатар тауарға кедендік әкелу бажын үш жыл мерзімге нөлдеу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінде 2026 жылғы 15 мамырға дейін Қазақстанға шие (500 тонна), өрік (3 мың тонна), қара шие (1,5 мың тонна), қара өрік (1,5 мың тонна) әкелуді кедендік баждан босату келісілді.

ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге уағдаласты. Мұндай мүмкіндікке ЕАЭО құқығына қажетті түзету енгізілгеннен кейін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қол жеткізе алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті