Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Кепілсіз несие рәсімдеймін": Оралда интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдікті Instagram әлеуметтік желісінде кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіріп отырған. Несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұраған. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген. Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, төрт SIM-карта және төрт банк картасы тәркіленді. Қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 1,5 млн теңгеден астам. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті