Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық күнтізбеге сәйкес вакцинациялау - халық денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Қазақстанда міндетті екпелер мемлекет тарапынан тегін жүргізіліп, әрбір баланың туған сәтінен бастап белгілі бір мерзімдерге сай салынады. Бұл жайында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Капсаламова мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тегін жүргізілетін екпелердің қатарына туберкулез, «А» және «В» вирустық гепатиттері, дифтерия, көкжөтел, сіріспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, b типіндегі гемофилді инфекция, пневмококк инфекциясы және адам папилломавирусына қарсы вакциналар жатады. Бұл екпелер қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

Вакцинация тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де маңызды. Белгілі бір жас кезеңдерінде ревакцинация жүргізіліп, ағзаның қорғаныш қабілеті сақталады. Сонымен қатар медицина қызметкерлері мен қауіп тобына жататын адамдар да міндетті түрде екпе алады.

Екпе алу алдында дәрігердің тексеруі, пациенттің келісімі және екпеден кейінгі бақылау — қауіпсіздіктің негізгі талаптары. Бұл шаралар жағымсыз әсерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Жыл сайын сәуір айының соңында өтетін Иммундаудың дүниежүзілік апталығы вакцинацияның маңызын еске салады. Вакциналар соңғы 50 жылда миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Соған қарамастан, әлемде әлі де екпе алмаған балалар саны көп, ал жалған ақпарат вакцинаға деген сенімге кері әсер етуде»,-деп атап өтті Сәулет Капсаламова.

Бүгінде өңірде 6–11 айлық балаларды қосымша иммундау жұмыстары басталды. Жалпы 11 480 бала екпе алуы тиіс болса, оның 8 390-ы вакцина алып үлгерді. Сонымен қатар қайта иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 3003 бала қызылшаға қарсы екпе алды.

«Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес облыста 318 егу пункті мен 76 жылжымалы бригада жұмыс істейді. Сондай-ақ 36 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының 33-інде вакцинация жүргізілуде»,-деп қорытты Лейла Серікбаева.

Жалпы, қоғамда вакцинацияға сенімді арттыру және әр адамды жауапкершілікке шақыру — бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Вакцинация арқылы біз өзімізді ғана емес, болашақ ұрпақты да қорғаймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады