Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полиция пиротехниканы заңсыз сату фактілерін анықтады

Шымкентте полиция пиротехниканы заңсыз сату фактілерін анықтады
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция пиротехниканы заңсыз сату фактілерін анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сақтау талаптарының өрескел бұзылуымен байланысты заңсыз сату фактілерін анықтады. Екі кәсіпкер әйел пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысқан. Алайда өнімдер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қойма орындарында сақталған. Пиротехникалық бұйымдар белгіленген нормалар сақталмай, тиісті жағдайлар қамтамасыз етілмеген күйде орналастырылған. Бұл олардың өздігінен тұтанып кетуіне әкеліп, жарылыс қаупін тудыруы мүмкін болған.

Жалпы саны шамамен 500 дана пиротехникалық өнім тәркіленді. Олардың жалпы құны 1 200 000 теңгені құрайды. Мұндай заң бұзушылықтар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ өрт және басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін арттырады. Полицияның дер кезінде араласуы ықтимал ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта анықталған жайттар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Полиция пиротехникалық бұйымдарды пйдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, оларды сақтау, тасымалдау және сату кезінде белгіленген ережелерді бұзбау қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады