Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция сертификатталмаған 800-ге жуық пиротехниканы тәркіледі

Түркістан облысында полиция сертификатталмаған 800-ге жуық пиротехниканы тәркіледі
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция сертификатталмаған 800-ге жуық пиротехниканы тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрттердің алдын алу және азаматтардың жарақаттануына жол бермеу мақсатында Түркістан облысы аумағында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері сауда нүктелері мен базарларда 160-тан астам рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Рейд барысында пиротехникалық өнімдерді сақтау, сату және тасымалдау кезінде заңнама талаптарының сақталуы тексеріліп, сертификатталмаған және заңсыз айналымдағы пиротехникалық бұйымдарды анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған 90 жайт анықталды.

Құқық бұзушылардан 797 дана сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, тиісті шара қабылданды. Полиция барша азаматқа сертификатталмаған пиротехникалық заңсыз өнімдерді пайдаланбауды ескертеді. Отшашуларды қауіпсіз қолдану үшін нұсқаулық талаптарын қатаң сақтау маңызды. Ең бастысы пиротехниканы балалардың пайдалануына қатаң тыйым салынады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады