Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті

Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті
Фото: pixabay.com

Қарағандыда полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 50 жастағы күдіктіні әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол қоғамның ең осал санаты – зейнеткерлерге қарсы жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар. Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша түрлі сылтаулармен қарттардың пәтеріне кірген. Сеніміне кіріп, жинаған ақшаларының қайда сақталғанын білген соң, ыңғайлы сәтті пайдаланып, қаражатты ұрлап, "ізін суытқан". Соның салдарынан жәбірленушілер күнкөріс қаражатынан айырылған. Полицияға 83 жастағы қарағандылық әйел жүгінді. Алданған зейнеткер күдіктінің сыртқы келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген, бұл полицейлер үшін маңызды дерек болды. Оның көрсетулері жедел-іздестіру шараларын жүргізуге негіз болды. Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көп ұзамай күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Тергеу барысында ер адам 83 жастағы әйелдің ақшасын ұрлағанын мойындап қана қоймай, тағы бір ұқсас қылмыс жасағанын да растады. Жәбірленушілердің оны тануы тергеу дәлелдерін күшейтті. Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу және жедел шаралар жалғасуда. Полиция күдіктінің бұған дейін зейнеткерлерге қатысты жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын мұқият тексеріп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады