Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда бірнеше көлікке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Оралда бірнеше көлікке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Орал қаласында автокөліктерді тонаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында оның көліктердің құлпын ашуға арнайы кілттерді пайдаланғаны немесе иелері ұмыт қалдырған ашық есіктерді пайдаланып, салонға еркін кіргені белгілі болды. Ол автокөліктерден аккумуляторлар, магнитофондар, динамиктер және басқа да құнды заттарды қолды қылған. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты 8 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның автокөлігін тінту кезінде заттай айғақтар тәркіленді. Полиция күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Осы ретте полиция қызметкерлері көлік иелеріне барынша сақ болуды ескертеді. Құнды заттарды автокөлік салонында қалдырмауға және көліктеріңізді әрдайым мұқият құлыптауға кеңес береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты