Астанада полицейлер өрт болған "Көркем-3" тұрғын үй кешені ауласына кірер жолды бөгеп тастаған көлік иесін жазалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, ережеге қайшы қойылған автокөлік оқиға орнынан дереу алынған.
"Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін заңбұзушылықтар қатаң түрде тыйылады", - деп хабарлады департамент.
Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы "Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" бойынша жазаланғаны хабарланды. Бұл бап бойынша 5 АЕК-тен (2026 жылы 21 625 теңге) 15 АЕК-ке (64 875 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған. Айыппұл көлемі құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді.