Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жазаланды

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жазаланды
Фото: polisia.kz

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне орталық қалалық ауруханадан жедел жәрдемнің қабылдау бөлмесіне кіру жолын жауып тұрған автокөлікті жолдан алып тастау туралы қоңырау түсті.

Шақыруға келген патрульдік қызмет қызметкерлері автокөлік жүргізушісін анықтады. Осы бұзушылық үшін Toyota көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін барлығы 8324 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Автокөлік иелері көбінесе жедел жәрдемге жол бермей, қозғалыс ережелерін бұзып қана қоймай, жедел жәрдемнің қозғалысына және үйлердің аулаларына, медициналық мекемелерге кіруге кедергі келтіріп, біреудің жағдайына бей-жай қарайды.

Кептелісте бос тұрған жедел жәрдем көлігі науқасқа шұғыл көмек немесе жедел ауруханаға жатқызу қажет болған кезде құнды уақытты жоғалтады. Ережеге сәйкес көк түсті жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыстық сигналдары қосылған көлік құралдары жақындаған кезде жүргізуші осы және олармен бірге жүретін басқа да көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті.

Осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабы бойынша 7-ден 15 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған. Полиция жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты