Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер 16 жастағы қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды

Қарағандыда полицейлер 16 жастағы қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды
Фото: polisia.kz

10 сәуір күні Қарағанды қаласында патрульдік полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздың өмірін аман сақтап қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызмет атқару барысында патрульдік полиция инспекторлары Жалғас Смағұлов пен Ғылымхан Қаратағанов Жедел басқару орталығынан 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында тұрған қыз туралы хабарлама алған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер шатырдың ең шетінде қауіпті жағдайда отырған жасөспірімді байқады. Жағдай дереу әрі байыпты әрекет етуді талап етті.
– Біз қызбен байланыс орнатып, оны қауіпті қадамнан бас тартуға көндіруге тырыстық. Алайда ол біздің сөзімізге жауап бермеді. Жағдайды жедел бағалап, кідірістің қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіне отырып, әріптесім екеуміз нақты әрекет етуге шешім қабылдадық. Шатырға көтеріліп, аса сақтықпен жақындап, қолайлы сәтті пайдаланып, оны жедел түрде қауіпсіз жерге шығардық, – дейді Жалғас Смағұлов.

Басынан өткерген күйзелістің салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Есін жиғаннан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Анықталғандай, құтқарылған қыз – қаланың 16 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. Полицейлердің айтуынша, құтқару операциясы барысында олар өз өмірлеріне төнуі мүмкін қауіпке қарамастан әрекет еткен. Себебі басты мақсат – адам өмірін сақтап қалу болды. Аталған оқиға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлерінің жеделдігі, кәсібилігі және жоғары жауапкершілігінің нақты көрінісі болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады