Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды

Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды
Фото: pixabay.com

Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

Таңғы уақытта жедел басқару орталығына Саин даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысындағы көпірде бір ер адамның суицидке оқталуы туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат көпір үстінде тұрып, секіруге әрекеттенген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары жіберілді. Полиция қызметкерлері келгенде, ер адамның ауыр психоэмоционалдық күйде екенін байқады. Ол байланыс орнатудан үзілді-кесілді бас тартып, өзіне қауіп төндіріп тұрғанына қарамастан, полицейлер сабырлық танытып, оған жанасу арқылы сенім ұялатып, тілдесуге тырысты. Қауіпті жағдай кезінде оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының басшылығы да келіп жетті. Тәртіп сақшыларының үйлесімді және кәсіби іс-қимылының арқасында ер адам көзге түспей жақын келіп, қауіпсіз жерге шығарылды.

- Басты мақсат – адам өмірін аман сақтау. Мұндай сәттерде әр сөз, әрбір әрекет шешуші рөл атқарады. Қызметкерлеріміздің сабырлылығы мен кәсібилігі нақты әрі уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік берді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев.

Құтқарылған азамат — Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны. Оның психикалық жағдайын бағалау үшін психикалық денсаулық орталығына жеткізілді. Бұл оқиға бір нәрсені айқын дәлелдеді: полиция қызметкерлері – тек құқық қорғаушылар ғана емес, қажет болғанда өз өмірін қатерге тігіп, адам өмірін сақтап қалуға әрқашан дайын жандар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі