Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында екі мектеп ашылды

Алматы облысында екі мектеп ашылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Талғар ауданында су жаңа екі мектеп есігін айқара ашты. Бұл білім ошақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған. Үш ауысымды оқыту жүйесін жою мақсатында өңірде дәл осындай 26 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның 7-еуі осы Талғар ауданында бой көтерген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді.

«Біздің ең басты байлығымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан мемлекет тарапынан балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Қазіргі заманда білім – тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заманауи мектеп – білім беретін орын ғана емес, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын, шығармашылық пен сыни ойлауды қалыптастыратын маңызды орта», – деген болатын. Осы орайда, облыс бойынша үшауысымды оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Талғар ауданында 7 заманауи мектептің бой көтеруі – өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Бұл нысандар елді мекендердегі тасымал мәселесін реттеп, балалардың тұрғылықты жерінде қолайлы ортада оқуына мүмкіндік береді.

Мектеп – ұлт болашағының іргетасы қаланатын киелі шаңырақ. Мұғалімнің мәртебесін арттыру және балаларға қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің тұрақты назарында. Еліміздің гүлденуі жолындағы игі істеріміз жалғаса береді», – деді Ғани Айдарұлы.

Жалқамыс ауылындағы мектептің жалпы аумағы – 9000 шаршы метр. 600 орынды мектепте алдағы уақытта 900-ден астам оқушы екі ауысымда оқитын болады. Ал Жібек жолы ауылындағы мектеп – 900 оқушыға шақталған. Жалпы аумағы – 10 мың шаршы метр. Екі нысан да ең озық технологиялармен, STEM-зертханалармен және инклюзивті құралдармен толық жабдықталған. Балалардың спортпен, шығармашылықпен айналысуына да барлық жағдай жасалған.

Ауылдық жерде заманауи мектептің бой көтергеніне тұрғындар да дән риза. Олар бүгінгі шараға қатысып, балаларының сапалы білім алуына жағдай жасаған жандарға алғыс айтты.

-«Жалқамыс – менің туған ауылым. Балаларым осында білім алған, ал қазір немерелерім оқып жатыр. Сондықтан ауылымызда үлкен мектептің ашылғанына өте қуаныштымын. Балалар да бұл сәтті асыға күтті. Өйткені жаңа мектеп жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Роза Әділова.

Жібек жолы ауылының тұрғыны Бауыржан Баймағұлов: 

«Осы ауылда тұрып жатқаныма 10 жылдан аса уақыт болды. Бүгін көптен күткен маңызды оқиғаға көзайым болып отырмыз. Енді балаларым заман талабына сай, жайлы әрі жаңа ғимаратта білім алады. Осы мектептен түлеп ұшқан әрбір шәкірт терең ілім үйреніп, болашақта елге қызмет ететін маманға айналады деп сенемін», – деген лебізін білдірді.

Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы Қайрат Жұмановтың айтуынша, өңірде барлығы 443 мектеп бар. Бұл білім ошақтарында 360 мыңнан астам оқушы білім алуда. Жыл соңына дейін «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында тағы 9 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ биыл тағы 9 білім ордасының құрылысы басталады.Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы облысында жүйелі түрде жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады