Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылдың басынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 22 мыңнан астам адам қамтылды

2026 жылдың басынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 22 мыңнан астам адам қамтылды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша біліктілікті арттыру және жаңа мамандықтарды игеру мақсатында кәсіптік оқумен 22 051 адам қамтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қысқа мерзімді оқыту жұмыссыз азаматтарға бірнеше ай ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқыту келесі нысандарда ұйымдастырылады:

- оқу ұйымдарында (курстар жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады);

- тікелей жұмыс берушілердің жұмыс орындарында;

- сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша онлайн форматтағы Skills Enbek қысқа мерзімді оқыту порталында.

Оқыту ұзақтығы 6 айдан аспайды және алынатын біліктіліктің ерекшеліктерін ескере отырып айқындалады.

Өңірлік бөліністе оқуға жолданғандардың ең көп саны Ақтөбе облысында – 2,6 мың адам, Шымкент қаласында – 2,3 мың адам, Түркістан және Қызылорда облыстарында – әрқайсысында 1,6 мың адам, сондай-ақ Қостанай облысында – 1,5 мың адам тіркелді.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мансап орталықтары арқылы оқу ұйымдарына кәсіптік оқуға 163 адам жолданды, олардың ішінде 10 адам оқуды аяқтады. Оқу қорытындысы бойынша 9 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгер бекіту арқылы ұйымдастырылады. Оқыту кезеңінде жұмыс беруші мен жұмыссыз азамат арасында еңбек шарты жасалады. 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жалақы мансап орталығы тарапынан оқитын азаматтың шотына қаражат аудару арқылы төленеді. 2026 жылдың басынан бері оқытудың осы түрімен 288 адам қамтылды.

Skills Enbek порталы арқылы 2026 жылы онлайн-оқумен 21,6 мың жұмыссыз азамат қамтылды.

Ең сұранысқа ие мамандықтар:

- аспаз – 78 адам;

- тігінші – 50 адам;

- бухгалтер-кассир – 28 адам;

- шаштараз – 26 адам;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі – 25 адам;

- маникюр шебері – 24 адам;

- шаштараз-стилист – 22 адам.

Еске салайық, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерлерде – кенттер, ауылдық округтер және аудандық маңызы бар қалалар әкімдеріне жүгіну қажет.

Кәсіптік оқудан өтетін азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі: оқу ақысы төленеді, стипендия немесе жалақы беріледі, сондай-ақ жол жүру шығындары өтеледі.

Тұрғылықты жерінен тыс оқыған жағдайда тұруға материалдық көмек (тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеу) қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады