Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Креативті индустрия: Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильонның құрылысы басталды

Креативті индустрия: Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильонның құрылысы басталды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Қаскелең қаласында әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімде Голлиивуд жұлдызы, әйгілі актер Джеки Чан жіберген символикалық уақыт капсуласы құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілді. Оны осы павильон аумағында түсірілетін алғашқы жоба – «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» (Доспехи бога 4: Ультиматум) фильмінің режиссері Роберт Кун қабылдап алды.

Айтулы шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Аймақ басшысы Джеки Чанның продюсері Ли Чиу Ва және «DALA EDGE» креативті және технологиялық индустриялар паркі, «Salem Entertainment» компаниясы басшыларымен меморандумға қол қойды.

Марат Елеусізұлы құттықтау сөзінде бұл нысан еліміздің мәдениеті мен экономикасы үшін аса маңызды жоба екенін айтты.

«Қазіргі заман – ақыл-ой мен таланттың, озық технология мен жаңа идеялардың дәуірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев креативті экономиканы ілгерілету арқылы ел дамуының жаңа көкжиегін ашуды стратегиялық міндет ретінде айқындаған болатын. Осы бағыттағы игі шараға бәріміз бірге куә болудамыз.

«Dala Stage Creative Tech Park» сияқты кәсіби павильондардың салынуы – жай ғана ғимарат тұрғызу емес. Біз ұлттық кодты соңғы цифрлық технологиялар жетістігімен үйлестіретін жаңа индустрияның іргетасын қалап жатырмыз. Жоба әлемге танымал мектептер, студиялармен бірлесе отырып іске асырылады. Бұл өзара тәжірибе алмасуға және кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Алматы облысына еліміздің барлық өңірінен талантты жастар топтасып, шығармашылық орта қалыптасады.

Қазіргі таңда кино саласы ауқымды декорация мен жоғары технологияны талап етеді. «Dala Stage Creative Tech Park» біздің мамандарға әлемнің үздік студияларымен тең дәрежеде сынға түсуге жағдай жасайды»,– деді облыс әкімі. Сонымен қатар кинопавильонда түсірілген әрбір фильм мен жоба ұлттық құндылығымызды дәріптеп, еліміздің абыройын асқақтата берсін деген тілегін арнады.

Жаңа нысанда түсірілетін «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» кинотуындысында басты рөлді экшн жанрының жұлдызы Джеки Чан сомдайтын болады. Актердің продюссері Ли Чиу Ва өз сөзінде мұндай ауқымды шараға қатысқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Жарты жыл бұрын ғана біз осы жобаны жоспарлап, талқылаған едік.  Ал бүгін сол келіссөздер шындыққа айнала бастады. Біз павильон құрылысының ауқымды түрде бастау алғанын көріп отырмыз, бұл, әрине, қуантады. Джеки Чан барша қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдап, осы жобаға өркендеу тілейді», – деді ол.

Айта кетейік, нысанның жалпы аумағы – 15 гектар. Ал ауданы 3 000 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Заманауи павильон еліміздегі кино саласын дамытуға, кәсіби кадрларды даярлауға, инвестиция тартуға және бәсекеге қабілетті контент әзірлеуге зор ықпалын тигізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады