Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың 24 компаниясымен келісімшарт жасады

Алматы облысы Қытайдың 24 компаниясымен келісімшарт жасады
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды. Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.

Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.

«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. 

Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 6,2 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 216 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 72 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 3,9 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 27 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.

Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.

Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. 

«Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады