Шымкентте аялдаманы бүлдірген құрбылар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері автобус аялдамасын бүлдірген үш жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған. Қыздардың арасында жанжал туып, салдарынан аялдаманың терезесін сындырып, құрылымына зақым келтірген. Бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылар жедел түрде анықталып, ұсталды. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол берілмейтіні және мұндай іс-әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретінін атап өтеді.