Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 13 мыңға жуық тұлға анықталды

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 13 мыңға жуық тұлға анықталды
Фото: Polisia.kz

Биыл Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланы таза ұстау – бұл санитарлық талаптар ғана емес, сонымен қатар мәдениеттің белгісі. Аталған бағытта полицейлер жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.

Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Қаланың тазалығы – әдемі эстетикалық көрініс қана емес, сонымен қатар біздің денсаулығымыздың кепілі. Осыған байланысты полиция мегаполис тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады