Алматы облысының делегациясы өңір әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының жетекшілігімен Ресей Федерациясының Вологда облысына жұмыс сапарымен барып, «Ресей орманы» атты мамандандырылған көрмемен қатар өтіп жатқан 30-шы Халықаралық орман форумына қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл форум – орман шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. 2025 жылы шараға Ресейдің 22 өңірі, сондай-ақ Қытай, Беларусь және Қазақстан делегациялары қатысып отыр. Елдің ағаш дайындау мен терең өңдеу саласындағы жетекші өңірлерінің бірі саналатын Вологда облысы биыл да ауқымды салалық диалогтың ұйымдастырушысы болды.
Сапар барысында қазақстандық делегация Вологда облысы Үкіметінің төрағасы Александр Мордвиновпен кездесу өткізді. Тараптар орман өнеркәсібі мен агропром кешеніндегі ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдениет, туризм және спорт салаларындағы өзара әрекеттестікті талқылады.
Келіссөздердің негізгі нәтижесі – Вологда облысы Үкіметі мен Алматы облысы әкімдігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою болды. Құжат екі өңір арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалайды және бірлескен жол картасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бақытнұр Бақытұлы өз сөзінде форумның маңызын атап өтті:
Алматы облысы да Вологда секілді орман қоры мол аймақ саналады және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, экологиялық тұрақтылықты нығайтуға басымдық береді. Осы тұрғыда қол қойылған меморандум сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамытуға ерекше серпін бермек.
Аймақтар арасындағы ынтымақтастық көрсеткіштері де оң динамиканы байқатады. 2025 жылдың 9 айында Алматы облысы мен Ресей Федерациясының тауар айналымы 745 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,3%-ға артты (576 млн доллар). Облыста Қазақстан-Ресей капиталы бар 77 кәсіпорын және ресейлік капиталдың қатысуымен 216 кәсіпорын жұмыс істейді.
Өңірдің орман және ағаш өңдеу салалары да өсім көрсетіп отыр. 10 ай қорытындысы бойынша қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі 46 млрд теңгеге жетіп, физикалық көлем индексі 125,9% болды. Бұл бағытта «ИНТЕЛЛСЕРВИС» және «KZ Recycling» компаниялары табысты еңбек етуде. Ал жиһаз өндірісі 22,3 млрд теңгені құрады (ИФО — 87,8%). Басты өндірушілер қатарында «КПК ZETA» және «Асар құрылыс» ЖШС-нің жиһаз цехы бар.
Бақытнұр Бақытұлы форум ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп: