Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Халық бухгалтері»: 3 мыңнан астам астаналық кәсіпкер тегін кеңес алды

«Халық бухгалтері»: 3 мыңнан астам астаналық кәсіпкер тегін кеңес алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Халық бухгалтері» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында қала тұрғындары салық және бухгалтерлік есепке қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап ала алады, деп хабарлайды kazlenta.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, акция жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін кеңес беруге бағытталған.

Жоба 2026 жылдың қаңтар айында басталған. Бүгінге дейіг мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлер 3 мыңнан астам астаналыққа консультация берді.

Мамандардың айтуынша, акция кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық салу мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Қаңтар-ақпан айларында кеңестер аптасына үш рет өткізілсе, наурыз айынан бастап аптасына екі рет ұйымдастырылып келеді.

Кеңес беру орындарының мекенжайлары ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған – @astana_mkd_dgd_astana.
Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты